Accessibility links

KC-135 ұшағы орнында адам қалдықтары табылды


KC-135 Stratotanker ұшағы құлаған орында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Қырғызстан, Шу облысы, 3 мамыр 2013 жыл.
KC-135 Stratotanker ұшағы құлаған орында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Қырғызстан, Шу облысы, 3 мамыр 2013 жыл.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан шекарасына жақын маңда құлаған АҚШ-тың KC-135 Stratotanker ұшағы бөлшектерінің арасынан адам қалдықтары табылғанын хабарлады.

3-мамырда Шу облысының Чаволдар ауылы маңында "Манас" әуе базасынан ұшып шыққан америкалық жанармай тасымалдайтын ұшақ апатқа ұшыраған еді. "Манасты" жалға алып отырған америкалық транзиттік жүктерді тасымалдау орталығы ұшақта үш экипаж мүшесі болғанын мәлімдеген. Ұшақ құлаған соң бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.

"Интерфакстің" хабарлауынша, төтенше жағдайлар министрі ұшқыштардың денесіне АҚШ мамандарының өздері сараптама жасайтынын айтқан.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, ұшақ экипажы 3 адам болған. Бұл мәліметті Қырғызстандағы АҚШ атташесі растаған.

АҚШ "Манас" әуе базасын Ауғанстанға әскер және жүк тасымалдау үшін жалға алған.
XS
SM
MD
LG