Accessibility links

Отарда әскери парад өтті


Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары. Ақтау, 13 сәуір 2013 жыл. Суретті түсірген - Талант Құсайын. (Көрнекі сурет)
Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары. Ақтау, 13 сәуір 2013 жыл. Суретті түсірген - Талант Құсайын. (Көрнекі сурет)
Бүгін Жамбыл облысындағы "Отар" әскери базасында Қазақстанның "Отан қорғаушы күніне" орай әскери парад өтті деп хабарлайды ел президентінің akorda.kz сайты.

Әскери парадты ел президенті, Қазақстан қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашып, қатысушыларды Қазақстан қарулы күштері құрылған күнмен құттықтады.

Отардағы әскери парадқа 7 мыңнан астам сарбаз, 400 әскери техника, 80-нен астам әскери ұшақ пен тікұшақ қатысқан. Шараға Қазақстан қарулы күштерінің жаяу әскер қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басшылық жасады.

Парадта «Точка-У» зымыран кешені, «Град» және «Прима» зымыран жүйелері, МСТА-Б және Д-30 гаубицалары, «Солнцепек» ауыр атыс қаруы жүйесі, «Штурм-С» танкіге қарсы зымыран кешені сияқты қарулар да көрсетілген.

Әскери шараға қарулы күштер, әскери оқу орындары, ішкі әскерлер, ҰҚК шекара қызметі, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, республикалық ұланның салтанат батальоны қатысқан.

Бүгін Каспий теңізінде Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің кемелері де жаттығулар өткізеді.

2012 жылы қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен мамырдың 7-сі "Отан қорғаушы күні" болып жарияланып, мемлекеттік мейрам ретінде демалыс күні болып жарияланған.
XS
SM
MD
LG