Accessibility links

Будановтың өліміне айыпталған адам 15 жылға сотталды


Бұрынғы полковник Юрий Будановты өлтірді деп айыпталған Юсуп Темерханов. Мәскеу, 7 мамыр 2013 жыл.
Бұрынғы полковник Юрий Будановты өлтірді деп айыпталған Юсуп Темерханов. Мәскеу, 7 мамыр 2013 жыл.
Ресейдің Мәскеу соты бұрынғы полковник Юрий Будановты өлтірді деп айыпталған Юсуп Темерхановты 15 жылға қатаң тәртіптегі колонияға жіберуге үкім шығарды. Ол жазасын өтеп шыққан соң тағы бір жарым жыл бас еркі шектеледі.

Темерханов сотта өзіне тағылған айыптардың ешбірін мойындамады.

Юсуп Темерхановқа тағайындалған бірінші алқа билер тобы процестен әрқилы себептермен бас тартып, оның ісін екінші алқа билер соты қайта қарап, шешім шығарған.

Адвокат Мурад Мусаев журналистерге "үкімді өзгертуге тырысып көретіндерін" айтты.

Шешен қызы Эльза Кунгаеваны өлтірді деген айыпппен 2003 жылы 10 жылға сотталып, 2009 жылы шартты түрде босап шыққан полковник Юрий Будановты 2011 жылы жазда Мәскеуде біреулер атып кеткен.
XS
SM
MD
LG