АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін ресейлік адам құқын қорғап жүрген белсенділермен жолықты.
Кездесу АҚШ-тың Мәскеудегі елшісінің резиденциясында өтті. Белсенділердің арасында Мәскеу Хельсинки тобының басшысы Людмила Алексеева және "Мемориал" құқық қорғау ұйымының, Human Rights Watch-тың Мәскеудегі филиалының жетекшілері, "Агора" ұйымы мен Greenpeace қозғалысының ресейлік өкілдері болды.
Ресейде өткен жылдың соңында шетелден қаржы алатын үкіметтік емес ұйымдарды "шетел агенті" деп қайта тіркеу туралы заң қабылданған еді. Соңғы айларда ресейлік құқық қорғау ұйымдарына бірнеше рет тексеріс жүргізіліп, олардың өкілдерінен жауап алынған.
Керри мемлекеттік хатшы қызметіне кіріскелі Ресейге алғаш рет барып отыр. Кеше - екікүндік сапарының алғашқы күні ол Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен.