Accessibility links

Қорғаныс министрлігі: "Парад кезінде бір адам жараланды"


Отардағы 40-әскери базада өткен әскери шеруден көрініс. 7 мамыр 2013 жыл
Отардағы 40-әскери базада өткен әскери шеруден көрініс. 7 мамыр 2013 жыл
Мамырдың 7-сі күні Отарда өткен әскери жаттығулар кезінде бір адам жарақат алған. Бұл хабарды Азаттық тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Михаил Чирков мамырдың 8-і күні растады. Алайда хатшы әлгі адамның қандай жағдайда жарақаттанғанын айтпады.

- Ешкім өлген жоқ. Қоршауға алынған аймаққа өз бетімен кіріп кеткен бір адам жеңіл жарақат алды. Оның қарулы күштерге қатысты ешқандай шағымы жоқ. Қазір мән-жайын анықтап жатырмыз, - деді ол.

Отар ауылының аты-жөнін атамаған тұрғыны Азаттық тілшісіне телефон арқылы жергілікті "қойшының ұлы жарақат алғанын" хабарлады. Оның айтуынша, зардап шеккен адам қазір әскери гарнизонға қарасты медициналық бөлімде жатыр.

Әзірге зардап шегушінің туыстарынан да, әскери гарнизоннан да хабар алу мүмкін болмай тұр.

Мамырдың 7-сі күні Жамбыл облысындағы Отар станциясының маңындағы 40-әскери базада Қазақстанның "Отан қорғаушы күніне" орай ел тарихындағы алғашқы әскери парад өтіп, оған 7 мыңнан астам сарбаз, 400 әскери техника, 80-нен астам әскери ұшақ пен тікұшақ қатысқан еді. Бұл әскери парадты президент Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалаған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG