Accessibility links

Бангладеште қаза тапқандар мыңнан асты


Құтқарушылар қираған ғимарат астында қалған адамды әкетіп барады. Бангладеш, 9 мамыр 2013 жыл.
Құтқарушылар қираған ғимарат астында қалған адамды әкетіп барады. Бангладеш, 9 мамыр 2013 жыл.
Бангладеште тігін фабрикалары ғимараты қираған кезде қаза тапқан адамдар саны мыңнан асты.

Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астында әлі де мәйіттер бар. Қираған ғимараттың маңына хабар-ошарсыз кеткен жақындарының хабарын күткен ондаған адам жиналған.

Қаза тапқан адамдардың көбі - әйелдер мен заң бойынша жұмыс істеуіне болмайтын 18-ге толмаған жас қыздар.

Апаттан зардап шеккендер төленген өтемақы емделуге жетпейтінін айтып шағымданады.

Бангладеште 24 сәуір күні таңертең тоғыз қабатты ғимарат құлаған кезде оның ішінде үш мыңнан астам адам болған.

Жергілікті биліктің айтуынша, бұл - әлемдік өнеркәсіп тарихындағы ең ірі апат.
XS
SM
MD
LG