Accessibility links

Қазақстан-Түркіменстан темір жолы ашылды


Маңғыстау облысындағы темір жол бөлігі. Көрнекі сурет.
Маңғыстау облысындағы темір жол бөлігі. Көрнекі сурет.
11 мамыр күні Маңғыстау облысында Қазақстан мен Түркіменстанның арасын жалғайтын жаңа «Болашақ-Серхетяка» теміржолы учаскесінің ашылу салтанаты өтті. Оған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

"Қазақпарат" агенттігінің хабарлауынша, салтанатты шара кезінде президент Назарбаев: «Қазақстан-Түрікменстан» теміржолы - бұл болашақта Парсы шығанағына шығатын көлік дәлізінің басты бөлігі. Болашақта біз Орталық Азияның, Таяу Шығыстың және Еуропаның көлік желісін байланыстыратын маршрут құрмақпыз» деп мәлімдеген.

Аталған учаске Қазақстан мен Түркіменстанды Иранмен жалғайтын темір жол құрылысының бір бөлігі деп саналады.

Түркіменстан президенті Бердімұхамедов Қазақстанға ресми сапармен 10 мамыр күні келген болатын.
XS
SM
MD
LG