Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Түркіменстан билігін Азаттық радиосының 6 мамырда ұсталған тілшісі Ровшан Язмухамедовті дереу босатуға шақырды.
Азаттықтың Түркімен қызметінің журналисі Ровшан Язмухамедов 6 мамырда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Келесі күні прокуратура оның қамауда екенін хабарлаған.
"Түркіменстан әлемдегі ең жабық елдердің бірі және онда көптеген журналист ұсталып, қуғындалған. Біз биліктің Ровшан Язмухамедовті оның кәсіби қызметі үшін тұтқындағанына алаңдаймыз. Полиция журналисті дереу босатуы, я оны орынды түрде жауапқа тартуы тиіс" дейді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рейчел Денбер.
Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, журналист қазір елдің оңтүстік-шығысындағы Түркіменабат қаласында ішкі істер министрлігінің жергілікті басқармасында қамауда отыр. Жергілікті құқық орындары Язмухамедовтің не үшін қамалғанына қатысты ешқандай түсінік бермей отыр.
Ровшан Язмухамедов бұған дейін 2013 жылдың басында екі рет тергелген еді. Ол негізінен әлеуметтік мәселелер тақырыбында мақалалар жазып жүрген.