Accessibility links

"Союз" ғарыш капсуласы Қазақстанға қонды


"Союз-2" ғарыш кемесі ғарышқа ұшып барады. Байқоңыр, 19 желтоқсан 2012 жыл (Көрнекі сурет).
"Союз-2" ғарыш кемесі ғарышқа ұшып барады. Байқоңыр, 19 желтоқсан 2012 жыл (Көрнекі сурет).
Бортында үш ғарышкері бар "Союз" ғарыш капсуласы сейсенбіде Қазақстанның Жезқазған қаласының маңына қонды. Ресейлік "Роскосмос" агенттігінің ғарышкері Роман Романенко, НАСА астронавты Томас Машберн мен Канада ғарыш агенттігінің астронавты Крис Хадфилд Халықаралық ғарыш станциясында 146 тәулік болған еді.

Крис Хадфилд кеше ғарышта түсірілген алғашқы музыкалық видео жіберген еді. Ол Дэвид Боуидің "Space Oddity" әнін орындаған.

Енді екі аптадан соң тағы үш ғарышкер жерге оралып, ғарышқа жаңа команда ұшырылады.
XS
SM
MD
LG