Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында терроризмге байланысты айыпталған алты адамның үстінен сот басталды деп хабарлайды ақпарат құралдары.
Сотқа тартылған алты адамға (Шәріпов, Қошалақов, Қадырсызов, Қасқабаев, Жүнісов және Әбдікеров) "жарылыс жасауға сөз байласты", "террористік топ құрып, оның жұмысына қатысты", "қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлады" және "басқа да ауыр қылмыстар жасады" деген айыптар тағылған.
Сот басталғанға дейін айыпталушы Қасқабаевтың әкесі Қайрат Садырбеков күдіктілерге "Астанада салынып жатқан опера театрында теракт жасамақ болды" деген айып тағылғанын айтқан. "Қылмыстық істе олардан Есілдің сол жағалауында салынып жатқан театрдың сызбасы табылғаны жазылған. Бұған қоса олардан автоматтар, пневматикалық тапаншалар да тәркіленген" дейді Садырбеков.