Accessibility links

Атырауда "Царнаевты қолдаған үнпарақ иелерін" іздеп жатыр


Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаев. 19 сәуір 2013 жыл.
Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаев. 19 сәуір 2013 жыл.
Атырау полициясы Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаевты қолдауға шақырған үнпарақ ілгендерді іздестіріп жатыр деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, "сейсенбіде полицейлер қала көшелерінің біріне ілінген, Царнаевты қолдауға шақырған екі үнпарақ тапқан. Полицейлер үнпарақтарды алып тастаған, қазір оны дайындап таратқандарды іздеп жатыр".

Мамырдың басында қырғыз арнайы қызметі Бішкекте де Джохар Царнаевты қолдауға шақырған үнпарақтар ілінгенін хабарлаған.

Сәуірдің 15-і күні ​Бостон қаласында дәстүрлі түрде өтетін марафон кезінде бомба жарылып, 3 адам мерт болып, 160-тай адам жараланған еді.

Арада бірнеше күн өткенде полиция ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтардың ізіне түсті. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты, ал сәуірдің 19-ы күні қала шетінде тірідей қолға түскен Джохар Царнаев қазір қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG