Accessibility links

Францияда рецессия басталды


Франция президенті Франсуа Олланд. Брюссель, 13 наурыз 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд. Брюссель, 13 наурыз 2013 жыл.
Франция үкіметі биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ел экономикасында рецессия басталғанын мәлім етті. Франциялық INSEE статистикалық бюросының дерегі бойынша, елдің жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі алғашқы тоқсанда 0,2 пайызға төмендеген. ЖІӨ көлемінің дәл осы шамада төмендеуі өткен жылдың соңғы тоқсанында да байқалған.

Жылдың басында Еуропа комиссиясы Франция экономикасы биыл рецессияға ұшырайды деп ескерткен еді. Франция президенті экономикалық проблемаларды шешуге тырысып жатқанымен, елдегі жұмысссыздар саны көбейіп, бизнес пен тұтынушылардың үкіметке деген сенімі төмендеп кетті.

Еуропа Одағының басқа елдерімен салыстырғанда Францияда жұмыссыздық деңгейі төмен. Бірақ ол қазірдің өзінде 10 пайызға жетіп отыр. Ал сарапшылар жыл соңына дейін жұмыссыздар бұдан да көбейеді деп болжайды.
XS
SM
MD
LG