Accessibility links

Обама салық қызметі басшысын отставкаға жіберді


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 13 мамыр 2013 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 13 мамыр 2013 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама салық агенттігінің басшысы Стивен Миллердің отставкаға кеткенін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні кешке Вашингтонда сөйлеген Обама Миллердің қызметтен алынуын "орынсыз тексерістердің бұдан былай қайталанбауы үшін жасалып отырған шаралардың бір парасы" деп атады.

Таяуда салық органдары қызметкерлері консервативтік қозғалыстармен байланысы бар ұйымдардың қаржылық құжаттарын әдейі тексеріп, орынсыз талаптар қойғаны анықталған еді.

Жанжал осы аптада бас қазына инспекторының салықтық тексеру әдістері туралы жасаған арнайы есебінен кейін туындаған.
XS
SM
MD
LG