Accessibility links

Эштон: Жалилимен кездесу сәтті болды


"Алтылық" тобы жетекшісі Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран делегациясының жетекшісі Саид Жалили Иран атомы туралы келіссөз алдындағы рәсімде тұр. Алматы, 5 сәуір 2012.
"Алтылық" тобы жетекшісі Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран делегациясының жетекшісі Саид Жалили Иран атомы туралы келіссөз алдындағы рәсімде тұр. Алматы, 5 сәуір 2012.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Иран жоғары ұлттың қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалилимен келіссөздері "сәтті болғанын" мәлімдеді.

Кездесу сәрсенбіде Стамбулда болған.

"Біз бұдан ары да байланыста боламыз" деген ол жаңа келіссөздердің жоспары туралы ештеңе айтпады.

Иранмен келіссөздерге қатысатын "алтылық тобы" - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия Тегеранды ядролық бағдарламасынан бас тартқызғысы келеді.

Осы мақсатта Иранға экономикалық, қаржылық және басқа да бірқатар санкциялар салынған. Бірақ ресми Тегеран әлемдік державалардың Иранның уран байытуға хақы барын мойындағанын және санкциялардың алынуын қалайды.

Сәрсенбіде Эштон мен Жалилидің кездесуінен бұрын Венада Иран мен Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) өкілдері жолыққан еді. Тараптар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты тексерулер жүргізу мәселесінде келісімге келе алмаған.
XS
SM
MD
LG