Сыртқы істер министрлігі 16 мамыр күні Азаттыққа БҰҰ-ның Солтүстік Кореямен қару саудасына қатысты қазақстандық азаматқа санкция салуы мүмкін деген ақпаратты "тексерілмеген" деп мәлімдеді.
Министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Аймаханов Азаттық тілшісіне телефон арқылы "Біз ақпарат құралдарындағы Қазақстан азаматының Солтүстік Кореяға байланысты халықаралық санкцияны бұзуға қатысы болуы мүмкін деген ақпаратты көрдік. Алайда, бұл ақпарат тексерілмеген" деді.
Сейсенбіде Reuters агенттігі БҰҰ Солтүстік Кореяға қатысты контрабандалық қару саудасына қатысы бар деген себеппен қазақстандық Александр Зыковқа да санкция салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.
Ал Зыковтың өзі қазақстандық "Время" газетіне берген сұхбатында Солтүстік Кореямен қару саудасына "қатысы жоғын" айтқан.