Accessibility links

Джохар Царнаевтың "хат жасырғаны" хабарланды


Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаев.
Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаев.
"Джохар Царнаев өзі жасырынған қайыққа жарылыс туралы үндеу жазып кеткен" деп хабарлады АҚШ ақпарат құралдары.

Бостонда жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаев ұсталатын кезде қайыққа жасырынған болатын. Оның қайық қабырғасына хат жасырып кеткені анықталған.

Аты-жөні аталмаған дереккөзіне сілтеме жасаған CBS телеарнасының тілшісі Джон Миллер: "Жазбада шабуылдар АҚШ-тың Ирак, Ауғанстан сияқты елдердегі мұсылмандарға қарсы қылмысы үшін жасалғаны айтылған" дейді.

Тілшінің айтуынша, Царнаев бұған қоса "Бостондағы жарылыстан қаза тапқандар АҚШ-тың әлемде жүргізіп отырған соғысында мерт болған бейбіт тұрғындар сияқты құрбан болып кетті" деп жазған.

"Джохар Царнаев 19 сәуірде полициямен атыста оққа ұшқан ағасы, 26 жастағы Тамерлан Царнаевті "азап шегуші" деп атайды" дейді CBS телеарнасының тілшісі Джон Миллер.

15 сәуірде Бостонда марафон өтіп жатқан кезде екі жарылыс болған еді. Одан ресми дерек бойынша 3 адам қаза тауып, 260-тай адам жараланды.
XS
SM
MD
LG