Accessibility links

Киевтегі шерулерге мыңдаған адам қатысты


Киевтегі шерулер
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00

Киевтегі шерулер видеосы. 18 мамыр 2013 жыл.

18 мамыр күні Киевте оппозицияның «Көтеріл, Украина!» шеруіне жалпы украиналық «Батьківщина» бірлестігін, ұлтшыл «Свобода» партиясы мен «УДАР» партиясын қолдайтындар қатысты. Ал биліктің «Аймақтар партиясын» жақтайтындар «Еуропаға – фашизмсіз!» ұранымен қарсы шеру ұйымдастырды. Саяси қарсыластардың шерулері екі жерде өтті.

Шеруде оппозиция өкілдері Украинада 2015 жылы өтетін президент сайлауына ортақ кандидат шығарып, саяси күш біріктіру туралы ұсыныс айтқан.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ұлтшылдар мен «аймақтар партиясын» қолдайтындар арасында болған қақтығыс салдарынан «Бесінші телеарна» тілшісі мен «Коммерсант-Украина» газетінің фотожурналисі зардап шеккен.

Украина оппозициясы биыл наурызда бастаған «Көтеріл, Украина!» қарсылық акциясы ел президенті Виктор Януковичке биліктен кету, Киев қаласының кеңесі мен басшысын сайлау, сот үкімімен түрмеде отырған экс-премьер Юлия Тимошенконы босату сияқты талаптар қойған.

Сенбі күні Симферопольде осыдан 69 жыл бұрын депортацияға ұшыраған қырым татарларының сталиндік билік құрбандарын еске алу жиыны өтті.
XS
SM
MD
LG