Accessibility links

Дания әншісі Eurovision бас жүлдесін алды


Eurovision-2013 байқауының бас жүлдесін даниялық Эммили де Форест (ортада) жеңіп алды. Мальма, Швеция, 18 мамыр 2013 жыл.
Eurovision-2013 байқауының бас жүлдесін даниялық Эммили де Форест (ортада) жеңіп алды. Мальма, Швеция, 18 мамыр 2013 жыл.
Eurovision-2013 байқауының бас жүлдесі даниялық 20 жастағы Эммили де Форестке табыс етілді.

Сенбі күні Швецияның Мальма қаласында өткен финалдық байқауға барлығы 25 әнші қатысқан еді. «Only Teardrops» әнін шырқаған даниялық әнші 281 ұпай жинап үздік атанды. Екінші орын Әзербайжан елінің өкілі Фарид Мамедовке («Hold Me» әні, 234 ұпай), ал үшінші жүлде украиналық Злата Огневичке («Гравитация» әні, 214 ұпай) берілді.

Халықаралық ән байқауын тікелей эфирден 125 миллион көрермен тамашалап, өздері ұнатқан әншіге дауыс беріп, кәсіби мамандардан тұратын қазылар жүлдегерлерді анықтады. Жеңімпазға байқаудың ауыспалы сыйлығы - хрустальдан жасалған микрофон тапсырылды. Байқау шартына сәйкес, Eurovision-2014 Данияда өтуі тиіс.

Осымен 58-рет өтіп отырған Eurovision байқауының биылғы бас демеушісі – TeliaSonera телекоммуникация компаниясы «адам құқығын бұзатын елдермен пайдаға бола келісімге барған, пара берген» деген сынға ілінген еді.

Оның постсоветтік елдерде еншілес бөлімдері бар, Қазақстанда «Ксеll» компаниясы сайтында скандинавиялық TeliaSonera телекоммуникациялық холдингінің құрамына кіретінін жазған.
XS
SM
MD
LG