Accessibility links

"Хезболла" Сирия әскерімен бірге шабуылға шықты


Үкімет әскері Кусейр қаласы маңында ұрыс жүргізіп жатыр. Сирия, 13 мамыр 2013 жыл.
Үкімет әскері Кусейр қаласы маңында ұрыс жүргізіп жатыр. Сирия, 13 мамыр 2013 жыл.
Ливандық "Хезболла" ұйымы Сирияның үкімет әскеріне қосылып, көтерілісшілер бақылауындағы Кусейр қаласына шабуыл жасай бастады.

Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, үкімет күштері жексенбіде Ливанмен шекараға жақын сүннит мұсылмандары тұратын қаланы артиллериямен атып, әскери ұшақтардан бомбалаған. Үкімет күштері бірнеше маңызды орындарды басып алып, қаланың орталығына таяған.

Оппозициялық Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегі бойынша, шабуылдарда 52 адам мерт болған.

Ал Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұған дейін Тель-Авив "Хезболланың" Сириядан қару-жарақ алуына қарсы амалдар қолдануға дайын" екенін мәлімдеді.

Кусейр қаласы Дамаскіні Тартус және Латакия қалаларымен жалғастыратын автомагистральдардың біріне жақын орналасқан. Көтерілісшілер осы аймақ арқылы Ливаннан контрабандалық қару тасымалдайды деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG