Қаржы полициясы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті "бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікпен тұтқындап, үйқамаққа алды. Бұл туралы дүйсенбіде қаржы полициясының ресми сайтында хабарланды. Шаяхметовпен бірге 14 мамырда "Білім және ғылым құрылыстары нысандары дирекциясы" мекемесінің директоры А.Пак та ұсталған.
Қаржы полициясының хабарлауынша, Шаяхметов пен Пак "Өскемен қаласында 700 адамға арналған білім мекемесін салуға бөлінген 1,5 миллиард теңге қаржыны жымқырды" деген күдікпен тұтқындалған.
Сот 17 мамырда Шаяхметовті үйқамаққа алуға, ал Пакты тұтқындауға санкция берген.
Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.