Accessibility links

Солтүстік Корея бесінші рет зымыран ұшырды


Солтүстік Корея зымыраны, Пхеньян. Көрнекі сурет.
Солтүстік Корея зымыраны, Пхеньян. Көрнекі сурет.
Солтүстік Корея елдің шығыс жағалауындағы ішкі теңіздеріне қысқа қашықтықтағы зымыран ұшырды.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыран дүйсенбі күні таңертең ұшырылған. Бірақ зымыранның қандай мақсатта жіберілгені белгісіз.

Ресми Пхеньян зымыран "АҚШ пен Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореяға төндіретін ықтимал қаупін сейілту үшін" ұшырылғанын мәлімдеді. Солтүстік Корея соңғы үш күнде осымен бесінші рет зымыран ұшырып отыр.

Пхеньян өткен айда АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуын айыптаған еді. Солтүстік Корея ақпанда үшінші рет ядролық жарылыс жасап, халықаралық қауымдастықтың қатаң айыптауына ұшыраған.
XS
SM
MD
LG