Accessibility links

Құлаған ұшақтың "қара жәшігі" АҚШ-қа берілді


KC-135 Stratotanker ұшағы құлаған орында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Қырғызстан, Шу облысы, 3 мамыр 2013 жыл.
KC-135 Stratotanker ұшағы құлаған орында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Қырғызстан, Шу облысы, 3 мамыр 2013 жыл.
Қырғызстанның Шу облысында құлаған АҚШ-тың KC-135 жанармай тасымалдайтын ұшағының "қара жәшігі" табылды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, "қара жәшік" ұшақтың қираған қалдықтары арасынан табылған.

Қырғызстанның транспорт және коммуникация министрлігінің баспасөз хатшысы Қылычбек Досумбетов мұнымен қоса үшінші ұшқыштың ДНҚ-сы да анықталғанын айтады.

"Қара жәшік" АҚШ-қа тексеруге тапсырылған.

АҚШ-тың Бішкектегі "Манас" әуе базасынан ұшып шыққан KC-135 Stratotanker жанармай таситын ұшағы 3 мамырда Шу облысының Чалдыбар ауылы маңында апатқа ұшыраған еді. Борттағы үш ұшқыш та қаза тапқан. Апат себептері тексеріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG