Accessibility links

Ресей арнайы қызметі: Мәскеуде теракт жасалмақ болған


Терроризмге қарсы әскери жаттығуға қатысып жүрген Ресей қауіпсіздік күштерінің сарбаздары. Тәжікстан, маусым 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ресейдің терроризммен күрес комитеті Мәскеуде "жасалмақ болған терактінің" алдын алғаны туралы хабарлады. Ресми орган таратқан мәлімдемеге қарағанда, "Мәскеу түбінде арнайы қызмет өкілдері мен теракт жасауды жоспарлады деген күдікті топтың арасында атыс болған". Екі күдікті оққа ұшып, тағы бірі қолға түскен. Қауіпсіздік күштерінің бір қызметкері жараланған.

Комитеттің ақпараты бойынша, күдіктілердің үшеуі де - этникалық орыстар. Олар Пәкістан-Ауғанстан шекарасында арнайы дайындықтан өтті деген болжам бар.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путин бұл жайдан хабардар екенін айтады.

Мәскеуде теракт соңғы рет 2011 жылдың қаңтарында халықаралық "Домодедово" әуежайында болған еді. Жанкешті әуежайда өзін жарып жіберіп, 37 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG