Accessibility links

Иранда президенттікке үміткерлер жария болмақ


Али Акбар Хашеми Рафсанджани, Иранның бұрынғы президенті.
Али Акбар Хашеми Рафсанджани, Иранның бұрынғы президенті.
Иранның конституциялық қадағалау кеңесі президент сайлауына түсетін үміткерлер тізімін сейсенбіде ішкі істер министрлігіне тапсырмақ. Ал министрлік ол тізімді екі күннің ішінде көпшілікке жариялайды.

Иранда президент сайлауына кім қатысатынын конституциялық қадағалау кеңесі шешеді. Қадағалау кеңесі мақұлдаған үміткерлер тізімі жарияланған соң, 14 маусымдағы президент сайлауына дайындықты бастайды.

Дүйсенбіде қадағалау кеңесінің өкілі "денсаулығы нашар үміткерлерге сайлауға қатысуға тыйым салынуы мүмкін" деген еді. Кейбір сарапшылар "денсаулық мәселесі" бұрынғы президент, 78 жастағы Али Акбар Хашеми Рафсанджаниді сайлаудан ығыстырудың бір амалы болуы мүмкін деп санайды.

Ал Рафсанджанидің қарсыластары - консервативтік саяси топ өкілдері оны "ел басқаратын жастан өтіп кетті" деп есептейді.

Рафсанджанидің 78 жаста саясатқа қайта оралуы расында да күтпеген оқиға болды. Ол 2009 жылы үкіметтің демонстранттарды қатаң түрде жазалауын айыптап, содан бері рухани жетекші мен әсіре консерваторлардың сынына ілінген болатын.
XS
SM
MD
LG