Accessibility links

Үлескерлер билік өкілдерімен кездесе алмады


Үкімет үйі маңына жиналған үлескерлер. Астана, 21 мамыр 2013 жыл.
Үкімет үйі маңына жиналған үлескерлер. Астана, 21 мамыр 2013 жыл.
"Астанада, үкімет үйіне жақын маңда Қазақстанның әр аймағынан келген, өздерін "үлескер" деп атаған жүздеген адам жиналды" деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Жиналғандар осыдан бірнеше жыл бұрын ипотекаға алған үйлерінің қарызын төлей алмай жүргенін айтады. Үлескерлердің сөзіне қарағанда, банктер несие үстемесін негізсіз өсіріп жіберген. Енді олар президент әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовпен және премьер-министр Серік Ахметовпен кездесіп, ипотека қарыздарынан босатуды сұрамақ.

- Әуелі полицейлер үкімет үйіне баратын жолды жауып, жиналғандарды қоршап алды. Кейін прокуратура өкілі шығып, "рұқсат етілмеген митингі өткізбеу" туралы ескерту жасады. Бұдан соң "Нұр Отан" партиясының өкілдері келді де, жиналғандар арасынан бірнеше адамды өздерімен бірге кеңсеге ертіп әкетті, - дейді оқиға орнында болған Азаттық тілшісі.

Үлескерлер "депутаттардың мәселені шешу туралы уәде бергеніне қарамастан, кейбір аймақтарда банктер сот арқылы үйлерін тартып алып жатқанын" айтады.

"Нұр Отан" өкілдері бірнеше өкілді кеңсеге шақырып әкеткеннен кейін жиналғандар біртіндеп тараған.
XS
SM
MD
LG