Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түзету мекемесі алдында ондаған сотталушының туыстары жиналып тұр. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сотталушылардың бірінің туысы Анастасия Тулендиева хабарлады.
21 мамыр күні Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 30 сотталушы денелеріне жарақат салғаны хабарланған еді. Дерек көзіне сәйкес тұтқындар бұл әрекеті арқылы түрме әкімшілігінің тыйым салынған заттарды тәркілеу бойынша тінту шараларына қарсы екендерін білдірген.
Тулендиеваның айтуынша, мекеме басшылығы қақпаны жауып алған, сотталушылардың туыстарын ішке жібермеген. Түрме аумағына енген автобусқа сотталушыларды тией бастаған. Туыстары "қаза тапқандар да болуы мүмкін" деп болжап отыр.
- Туыстарымызды көрсетпейді, оларды ұрып-соғып жатыр, дауыстары да естіледі. Кейбірін тіпті түнде ауруханаға әкетті. Олардың қандай халде екенін білмейміз, - дейді Анастасия Тулендиева.
Азаттық тілшісі осы жағдайға қатысты қылмыстық атқару жүйесі комитетіне хабарласқан. Азаттық тілшісіне комитет өкілі Ғалымжан Хасенов:
- Ешкім қайтыс болған жоқ. Тіпті ешбір сотталушы ауруханаға жеткізілген жоқ. Бұл - таза арандатушылық. Қазір колонияда жағдай қалыпты. Бәрі бақылауда, - деді.
Сотталушылар туыстарының айтуынша, оларды мекеме басшысы қабылдамай қойған. Түрме аумағына енген автобуспен сотталушыларды тией бастаған. Сотталушылар туыстарының бір тобы облыстық прокуратураға барып, жағдайды түсіндіруді талап етіп арыз жазған. Олар қамаудағы туыстарын көрмейінше мекеме маңынан кетпейтінін айтады.