Accessibility links

Астанада ұсталған Азаттық тілшісі босатылды


Өркен Жоямерген, Азаттықтың Астанадағы тілшісі.
Өркен Жоямерген, Азаттықтың Астанадағы тілшісі.
Астанада кәсіби қызметін атқарып жүрген кезінде полиция ұстаған Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген босатылды.

Азаттық тілшісін полиция бүгін түс уақытында ұстаған еді. Сол уақытта өздерін "ипотекаға үй алғанбыз" деп атаған ондаған адам үкімет үйіне наразылық акциясын өткізбек болған. Тілші сол оқиғадан хабар дайындауға барған.

Өркен Жоямергенмен қоса "ипотекаға үй алғандарды" да полиция ұстап, автобустармен Алматы аудандық ішкі істер бөліміне әкелген. Ұсталған адам - 70-80 шамалы. Азаттық тілшісі оларды әлі босатпағанын айтады.

- Мені үш сағаттай ұстады. Журналист екенімді білген соң ғана барып босатты. Қалған ұсталған азаматтар полиция өздерін үш сағаттан артық уақыт ұстады деп прокуратураға арыз жазамыз деп жатыр, - дейді ол.

21 мамырда "ипотекаға үй алып, оның қарызын қайтара алмай жүрміз" деген жүздеген адам Астанаға жиналған еді. Олар үкімет және парламенттің қабылдауына кіріп, биліктен қарыздарын жабуды сұрамақ болған.

Бірақ "ипотекаға үй алғандар" үкімет пен парламентке кіре алмай, "Нұр Отан" партиясы өкілдерімен ғана кездескен. Кешкісін олар жеке үйлерге орналасып, бүгін үкімет үйі алдында наразылық шарасын өткізуді жоспарлаған. Бұл шараға жиналғандар арасында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және басқа да облыстардан келген адамдар бар.

22 мамыр күні таңертең Астанада полиция үлескерлердің адвокаты Болатбек Біләловті, "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев пен оның әйелін ұстаған.
XS
SM
MD
LG