Азат Еуропа/Азаттық радиосы Түркімен қызметінің 6 мамырда ұсталған тілшісі Ровшан Язмухамедов бүгін босатылды.
Азаттықтың Түркімен қызметінің журналисі 30 жастағы Ровшан Язмухамедов мамырдың 6-ы күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Кейін прокуратура оның қамауда екенін хабарлаған. Жергілікті құқық орындары Язмухамедовтің не үшін қамалғанына қатысты ешқандай түсінік бермеген.
13 мамырда Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы, 18 мамырда Түркіменстан үкіметінің өкілдерімен Ашхабадта кездескен Еуропа одағының делегациясы Ровшан Язмухамедовті дереу босатуға шақырған.
Ровшан Язмухамедов бұған дейін 2013 жылдың басында екі рет тергелген еді. Ол негізінен әлеуметтік мәселелер тақырыбында мақалалар жазып жүрген.