Accessibility links

Ресей ғалымдары Арктикадан көшіріле бастады


Ресейлік зерттеушілер. 5 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейлік зерттеушілер. 5 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Арктикада Ресейдің қалқымалы ғылыми зерттеу станциясы орналасқан мұздақтың ери бастауынан ғылыми қызметкерлер басқа жаққа көшіріліп жатыр.

Ресей табиғи ресурстар және экология министрлігі бейсенбіде 16 ғылыми қызметкер жұмыс істеп жатқан "Солтүстік полюс-40" станциясын эвакуациялау жоспарын жасауға үш күн уақыт бергенін мәлімдеді. Станция Арктиканың ресейлік бөлігіндегі Большевик аралына орналастырылмақ.

Министрлік жасаған мәлімдемеде мұздықтардың еруі адамдардың өмірі мен станция жұмысына қауіп төндіретіні айтылған. Министрлік станция Канаданың экономикалық аймағына қарай жылжып бара жатқанын айтады.

БҰҰ метеорологиялық агенттігінің деректері бойынша, өткен жылы Солтүстік мұзды мұхиттағы мұздықтардың еру жылдамдығы рекордтық көрсеткішке жеткен.
XS
SM
MD
LG