АҚШ президенті Барак Обама Вашингтондағы Ұлттық қорғаныс университетінде ұлттық қауіпсіздікке қатысты сөз сөйлеп, елдің терроризммен күрес жүргізудегі негізгі бағыт-бағдарын айтты. Оның сөзінше, АҚШ терроризммен күресте "жолайрықта тұр".
Барак Обама терроризмге қатысы бар деген күдіктілерге қарсы пилотсыз ұшақ жіберуге жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді.
АҚШ президенті пилотсыз ұшақтардың қойылған мақсатты нақты орындайтын, нысанаға дөп тиетін шабуылын қолдайтынын білдірді. Бірақ ол "абайсызда" мерт болып кететін бейбіт тұрғындардың жағдайы өзін алаңдататынын айтты.
Барак Обама ұлттық қорғаныс университетінде сөз сөйлерден бұрын жаңа "президенттік ұстанымдарға" қол қойды. Құжатта АҚШ пилотсыз ұшақтан соққы жасамақ болғанда нені басшылыққа алатыны туралы көпшілік пен конгресс алдында түсіндіруі тиіс жайттар көрсетілген.
Президент Обама Гуантанамодағы түрмені жабу ниеті барын тағы да айтты. Ол бұдан өзге Гуантанамодағы тұтқындарды Йеменге көшіруге салынған тыйымды алып тастауға шешім қабылдағанын да жариялады.