Accessibility links

Сот Pussy Riot мүшесін мерзімінен бұрын босатпады


Мария Алехина, ресейлік Pussy Riot панк-тобының мүшесі.
Мария Алехина, ресейлік Pussy Riot панк-тобының мүшесі.
Ресейдің Березники қаласының соты Pussy Riot панк тобының сотталған мүшесі Мария Алехинаның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Сот отырысы бейсенбіде қайта жалғасқан еді. Оған Мария Алехинаның өзі қатысқан жоқ, оның орнына сот тағайындаған адвокаты қатысты.

Пермь облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан Мария Алехина 22 мамырда ендігі сот отырысына видео байланыс арқылы қатысудан бас тартатынын мәлімдеген. Ол өзін сот отырысына тікелей қатыстыруды, ал адвокатын сотқа қатыстырмауды талап етіп, аштық жариялаған.

2012 жылы Мария Алехинамен бірге Pussy Riot-тың тағы екі мүшесі Надежда Толоконникова мен Екатерина Самуцевич "бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді. Олар 2012 жылы ақпанда Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Ресей президенті Владимир Путинге қарсы ән айтқан соң тұтқындалған.

2012 жылы қазанда сот Екатерина Самуцевичтің жазасын шартты мерзімге ауыстырып, босатты.
XS
SM
MD
LG