Accessibility links

АҚШ-тың Вашингтон штатында көпір құлады


Сиэтл мен Ванкуверді жалғайтын көпір қирап қалды. АҚШ, Вашингтон штаты, 23 мамыр 2013 жыл.
Сиэтл мен Ванкуверді жалғайтын көпір қирап қалды. АҚШ, Вашингтон штаты, 23 мамыр 2013 жыл.
АҚШ-тың Вашингтон штатында көпір құлап, адамдар мен көліктер суға кетті. Полицияның ақпаратына қарағанда, АҚШ-тың Сиэтл қаласын Канаданың Ванкувер қаласымен жалғайтын төрт деңгейлі көпір бел ортасынан опырылып қираған.

Полиция көпір салынған Скаджит өзеніне нақты қанша адам құлағаны, көпірдің не себепті қирағаны әзірге белгісіз дейді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құтқарушылар өзенге құлаған адамдарды іздестіріп жатыр. Өзенге құлаған бір адам судан көлігінде отырған қалпында табылған.

Осыдан алты жыл бұрын Миннесота штатында да көпір құлаған еді. Көпірлердің құлауы америкалықтардың АҚШ инфрақұрылымында кінәрат бар деген алаңдаушылығын туғызып отыр.
XS
SM
MD
LG