Accessibility links

Тәжікстан: Сирияда соғысқан 3 тәжік қаза тапты


Сирияда билікке қарсы соғысып жатқан көтерілісшілер. Алеппо, 24 желтоқсан 2012 жыл.
Сирияда билікке қарсы соғысып жатқан көтерілісшілер. Алеппо, 24 желтоқсан 2012 жыл.
Тәжікстан үкіметі Сириядағы соғыс қимылдарына қатысқан үш тәжік азаматының қаза тапқанын хабарлады. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті өкілі Эмом Меликов қаза тапқандардың Сирияда исламшыл көтерілісшілер жағында соғысқанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, үкімет соңғы жылдары шетелдердегі ислам оқу орындарында оқып жүрген 2 мыңнан астам тәжік жастарын елге қайтарған.

Қырғызстанның арнайы қызметі де жұма күні Сириядағы көтерілісшілер жағында соғысып жүрген екі қырғыз азаматының Сириядан отанына қайтарылғанын хабарлады. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына жастар арасында радикализмнің таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырған.

Қырғызстан ақпарат құралдары тарататын ақпараттарға қарағанда, Сирия режиміне қарсы күресіп жатқан топтар қатарында көптеген Қырғызстан азаматтары бар.

Сирияда президент Башар Асадқа жақтас үкімет әскері мен оған қарсы көтерілісшілер арасында жүріп жатқан қақтығыстарға екі жыл болып қалды. БҰҰ дерегі бойынша, Сириядағы азаматтық соғыста 80 мыңға тарта адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG