Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
20 – 24 мамыр 2013 жыл
24 мамыр 2013 жыл, 17:43
Өткен аптаның сурет баяны
1
Мамырдың 20-сында қаржы полициясы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті (суретте) «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен тұтқындап, үйқамаққа алды. Қаржы полициясының хабарлауынша, Шаяхметов пен «Білім және ғылым құрылыстары нысандары дирекциясы» мекемесінің директоры Пак «Өскемен қаласында 700 адамға арналған білім мекемесін салуға бөлінген 1,5 миллиард теңге қаржыны жымқырған».
2
Мамырдың 21-інде Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 30 сотталушы денелеріне жарақат салғаны хабарланды. Дерек көзіне сәйкес, тұтқындар бұл әрекеті арқылы түрме әкімшілігінің тыйым салынған заттарды тәркілеу бойынша тінту шараларына қарсы екендерін білдірген. Көрнекі сурет.
3
Мамырдың 21-інде Астанаға барған жүзден аса банк борышкері мәселелерін шешуді талап етіп, үкімет үйіне өтпек болды. Олардың айтуынша, банктер несие үстемесін негізсіз өсіріп жіберген. Шараға жиналғандар арасында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және басқа облыстардың тұрғындары бар. Суретте: Үкімет үйі маңына жиналған борышкерлер. Астана, 21 мамыр 2013 жыл.
4
Мамырдың 22-сінде «Халыққа баспанасын қалдырайық» қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев 10 тәулікке, белсенді Болат Біләлов жеті тәулікке қамалды. Өздерін «ипотекаға үй алдық» деген топтың белсенділері Бақыт Сүлейменова мен Қыздығой Ажарқұлованың әрқайсысына «рұқсат етілмеген митингіге шыққаны үшін» 10 айлық есептік көрсеткіш (бір айлық есептік көрсеткіш – 1731 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Суретте: Полиция борышкерлерді көлікке күштеп мінгізіп жатыр. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
6
Мамырдың 22-сінде борышкерлердің наразылық шарасынан хабар бермек болған Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенге кәсіби қызметін атқаруына полиция тарапынан кедергі жасалды. Полиция бөлімшесіне қамалған журналист бірнеше сағаттан соң ғана босап шықты.
7
Мамырдың 24-інде Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін» азаматтық белсенді Берік Жағыпаровты (суретте) 15 тәулікке қамады. Мамандығы журналист Жағыпаров сотта «Астанаға ипотекамен үй алып, оның қарызын жаба алмай жүрген борышкерлердің наразылық акцияларынан хабар таратуға келгенін» айтқан.
8
Мамырдың 23-інде парламент сенаты соңғы оқылымында «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында біртұтас жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, әйелдердің зейнетке шығу жасын біртіндеп 63 жасқа дейін ұлғайту мәселесі қамтылған. Көрнекі суретте: Қазақстан парламенті отырысы.
20 – 24 мамыр 2013 жыл
Recommended
Оңтүстік Корея президентіне елден кетуге тыйым салды
XS
SM
MD
LG