Accessibility links

Халықаралық ғарыш станциясына жаңа экипаж ұшырылды


Ұшу алаңына орналастырылған "Союз" ғарыш кемесі. Байқоңыр, 28 мамыр 2013 жыл.
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" ғарыш кемесімен халықаралық ғарыш станциясына жаңа экипаж ұшырылды. Жаңа экипаж құрамында командир, ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин, НАСА астронавты Карен Найберг және Еуропа аэроғарыш агенттігінің ғарышкері, италиялық Люка Пармитано бар.

Ғарышкерлер орбитада алты ай болмақ. Бұл уақыт аралығында олар бірқатар тәжірибелік және техникалық тапсырмаларды орындайды. "Союз" ғарыш кемесі бүгін халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі тиіс деп жоспарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG