Accessibility links

«Қорғас ісінің» адвокаты шағымданды


Сотталушылар отырған кабиналар. Алматы, 29 мамыр 2013 жыл.
Сотталушылар отырған кабиналар. Алматы, 29 мамыр 2013 жыл.
Бүгін Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторында өткен "Қорғас ісіне" байланысты сот тыңдауында адвокат сотталушылар отырған кабиналардың қапырық әрі ыңғайсыз екенін айтып шағымданды.

Кедендегі жемқорлыққа байланысты 45 адам сотқа тартылып, оның 42-сі тұтқындалған еді. Билік осынша көп адам қатысатын сот тыңдауын қауіпсіздік мақсатында тергеу изоляторы ғимаратында өткізіп жатқанын айтқан.

Мәжіліс залындағы 42 сотталушы төрт әйнек кабинада отырды. Сотталушылардың бірі Талғат Жақаевтың адвокаты Татьяна Ковылкинаның айтуынша, "сотталушылар адам төзгісіз жағдайда болған". "Олар отырған кабина тар, қапырық, ауа алмаспайды. Адамдар қатты шөлдеді, бірақ оларға су бермеді" дейді адвокат.

Татьяна Ковылкина адвокаттардың кабиналардан алыс отырғанына да наразы.

Бұл іс жайлы баспасөз мәслихатын өткізген жоғарғы сот баспасөз қызметінің өкілі Евгений Дробязко адвокаттың наразылығына байланысты жауап бермеді, "өзінің міндеті - ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысын үйлестіру ғана" екенін айтты.

Оның сөзінше, "Қорғас ісіне" байланысты сот тыңдауы бірнеше күнге созылмақ. Одан соң біраз үзіліс жарияланып, нақты іске байланысты тыңдау басталады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG