Accessibility links

Кеден Одағына Қырғызстан қосылмақшы


Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне келген мемлекет басшылары. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне келген мемлекет басшылары. Астана, 29 мамыр 2013 жыл.
19 мамыр күні Астанада өткен Кеден Одағының басқарушы органы – Еуразиялық экономикалық кеңес саммитінен кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның 2015 жылы Кеден Одағына қосылуының жол картасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Interfax агенттігі хабарлады.

Назарбаев Украинаның Кеден Одағындағы бақылаушы мәртебесін алатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Украинаның Кеден Одағындағы бақылаушы мәртебесі туралы құжаттар 2013 жылы күзде дайын болады.

Қазақстан президенті Кеден Одағы аясындағы интеграцияның саясатқа еш қатысы жоқ, экономикалық процесс екенін айтып өткен. Оның сөзінше, мүше мемлекеттердің тәуелсіздігіне ешқандай нұқсан келмейді.

Саммиттен кейінгі мәлімдемелерден Украинаның Кеден Одағына қатысты өзгеше позициясы білінді. Мәселен Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі Сергей Глазьев «Украинаның Кеден Одағы аясындағы еуразиялық интеграцияға ұмтылуы бұл елдің Еуропа Одағына кіруге берген өтінішімен қатар іске асуы мүмкін емес» деді.

Бірақ Украина вице-премьері Юрий Бойко журналистерге «Еуропа Комиссиясының Украинаның Кеден Одағында бақылаушы мәртебесін алуына ешқандай қарсылығы жоқ» екенін айтты.

Украина 1990 жылдардың ортасында евроатлантикалық интеграцияны сыртқы саясатының басты мақсаты етіп белгілеген. Еуропа Одағымен арадағы әріптестік келісіміне 1998 жылы қол қойылған.

Сәрсенбіде өткен саммитке Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттерімен қатар, Украина президенті Виктор Янукович пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев та қатысты.
XS
SM
MD
LG