"Мүгедек балалар жер шары тұрғындары арасындағы ең маргинал топтарының бірі болып саналады" деді бүгін жариялаған есебінде БҰҰ-ның балалар ісі жөніндегі ЮНИСЕФ қоры.
"Әлемдегі балалардың жай-күйі" деп аталатын есепте дені сау балаларға қарағанда мүгедек балалар үш-төрт есе көп жыныстық және басқа да зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны айтылған. Баяндамада мүгедек балалардың медициналық көмек және білім алу мүмкіндіктері де дені сау балаларға қарағанда аз екені көрсетіледі.
ЮНИСЕФ мамандарының пікірінше, бұл топтағы балалар жыныстық тәрбие және ВИЧ инфекциясы туралы қажетті ақпараттар берілмегендіктен жыныстық зорлық-зомбылық көріп, ВИЧ жұқтыруы мүмкін. Ұйым есебінде мүгедек балаларға деген қарым-қатынасты өзгертуге, оларға көрсетілетін әлеуметтік көмектерді жақсартуға шақырады.