Accessibility links

"Арқа Сүйеу" ұйымында тінту жүріп жатыр


"Арқа Сүйеу" үкіметтік емес ұйымы кеңсесінде болған тінту. Алматы, 30 мамыр 2013 жыл.
"Арқа Сүйеу" үкіметтік емес ұйымы кеңсесінде болған тінту. Алматы, 30 мамыр 2013 жыл.
Бүгін Алматыдағы "Арқа Сүйеу" қоғамдық қорының кеңсесінде қаржы полициясы тінту жүргізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұған дейін Алматы қалалық прокуратурасы "Азаттық" сыйлығын тапсыру шарасын ұйымдастырушылардың бірі - "Арқа Сүйеу" қоғамдық қорының өкілі Михаил Сизовқа ресми ескерту қағазын тапсырған еді. Алматыда жыл сайын берілетін "Азаттық" сыйлығын тапсыру рәсімі 31 мамырда өтеді деп жоспарланған болатын.

Ескерту қағазында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы тағайындаған "Азаттық" сыйлығын енді оппозициялық тіркелмеген "Алға" партиясы тапсырып жүргені айтылады. Тіркелмеген "Алға" партиясы бұған дейін экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған еді.

Құжатта "Азаттық" сыйлығы халықаралық іздеуде жүрген Мұхтар Әблязовтің БТА банкінен жымқырған ақшасына қаржыландырылады" деп жазылған.

"Алға" партиясының бұрынғы өкілі Михаил Сизов және басқа да адамдар бұған дейін "Қазақстандағы саяси тұтқындарды қорғау комитетін" құрмақ болған еді. Бірақ әділет министрлігі ұйымның атауы "заңға қайшы" келетінін айтып, тіркеуден бас тартқан.
XS
SM
MD
LG