Accessibility links

Шартты жаза алған жаңаөзендіктер әлі босамады


"Жаңаөзен ісі" бойынша сотталғандар қамалған түрме. Орал, 30 мамыр 2013 жыл.
Жаңаөзен ісі бойынша жазасы жеңілдетілген алты адам қамаудан әлі босатылмай отыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, полковник Бекболат Төремұратов 30 мамыр күні Азаттық тілшісіне "жоғарғы сот қаулысын әлі алмағандықтан қамаудағыларды босата алмайтынын" айтты.

- Жоғарғы соттың шешімін интернеттен оқыдым, олардың баспасөз хабарламасын көрдім. Бірақ қолыма қаулыны алмай ешкімді босата алмаймын, -деді ол Азаттық тілшісіне.

Бекболат Төремұратовтың айтуынша, әдетте сот қаулысы ауызша жария етілгенімен, бес күн ішінде дайындалып бітуі мүмкін.

Бүгін жазасы жеңілдетілген адамдардың туыстары Оралға қарай жолға шыққаны белгілі болды.

2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен қаласында полиция ереуілге шыққан азаматтарға оқ атып, Шетпе станциясында ел толқып, оқиға кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тапты, жүзден аса адам жараланды. Олардың кейбірі мүгедек болып қалды.

Жаңаөзендегі оқиғалар бойынша айыпты деп танылған 37 адамға сот үкімі 2012 жылдың маусым айында шығарылған.

2013 жылы мамырдың 28-і күні жоғарғы сот Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған 14 адамның адвокаттарының сот үкіміне берген шағымдарын қараған еді. Сот 14 адамның алтауының жазасын шартты жазаға өзгерту туралы үкім шығарған.
  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

XS
SM
MD
LG