Accessibility links

Алматыда әйелдердің қарсылық акциясы өтті


Аузын буған наразылар
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00
Жүктеп алу
1 маусым күні Алматыдағы Тәуелсіздік монументі жанында 30 шақты белсенді әйел қолдарына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің ана мен балаға қамқорлық жасауы туралы сөздері жазылған плакаттар ұстап, зейнетақы жүйесі реформасына қарсы акция өткізді.

Наразылар ауыздарын шүберекпен таңып алған. Әйелдер белсендісі Мадина Айымбет:

- Зейнетақы жасын ұзартпау, декреттік төлемдерді қысқартпау туралы талаптарымызды айтудан шаршадық, амалсыздан аузымызды ақ шүберекпен буып, наразылығымызды осылай білдіруге көштік, - дейді.

Белсенділердің айтуынша, бұл - «декреттік төлемдерді қысқарту», «алименттер мөлшерін азайту» және «63-ке дейін зейнетке шығу жасын ұлғайтуға» қарсы ұйымдастырылған акция. Оған белсенді әйелдерді қолдаған "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының мүшелері де қатысты.

Жиналған әйелдер қол ұстасып, 5-10 минут шамасында монументті айналып жүрді. Полиция өкілдері бейбіт акцияны тек сырттай бақылаумен шектелді.

Қазақстанда қарама-қайшы қоғамдық реакция тудырған "зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын 23 мамыр күні сенат мақұлдап президентке жолдаған еді.
XS
SM
MD
LG