Accessibility links

Сарапшылар: Азиялық үш ел ядролық қаруын көбейтті


Пәкістан ядролық оқтұмсық алып ұша алатын "Хатф-2" зымыранын сынақтан өткізді. Көрнекі сурет.
Пәкістан ядролық оқтұмсық алып ұша алатын "Хатф-2" зымыранын сынақтан өткізді. Көрнекі сурет.
Стокгольмдегі бейбітшілік институтының зерттеуінше, өткен жылы Қытай, Үндістан және Пәкістан ядролық қару-жарақтарын көбейткен. Зерттеу ұйымының мәліметтеріне қарағанда, Пекин ядролық оқтұмсықтарының санын бір жыл бұрынғыдан 10 есеге арттырып, 250-ге жеткізген.

Үндістан мен Пәкістанның ядролық арсеналына да 10 оқтұмсықтан қосылған. Институт Пәкістанда - 100-120 шамасында, Үндістанда 90-110 аралығында ядролық оқтұмсық болуы мүмкін дейді.

Бейбітшілік институты өткен жылы Ресей мен АҚШ қана екіжақты келісім негізінде ядролық қаруларын азайтқанын айтады. Мәскеу ядролық оқтұмсықтар санын 10 мыңнан 8 жарым мыңға, ал Вашингтон 8 мыңнан 7 мың 700-ге кеміткен.
XS
SM
MD
LG