Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) маусымның 2-сі күні кешке Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түрмесінде шаруашылық бөлмесінің "төбесі құлап", екі сотталушы мерт болғанын хабарлады. "Оқыс оқиғадан" бір сотталушы жараланған.
Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен комитет өкілі Ғалымжан Хасеновтің айтуынша, олар бөлмеге құрал-жабдықтар алу үшін кірген.
- Қазір Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Тұтқындардың аты-жөндерін әзірше айта алмаймыз. Жарақат алған адамның жағдайы қалыпты, -деді ол Азаттық тілшісіне.
Оның сөзіне қарағанда, құлаған ғимарат 1962 жылы салынған.
Бұл түрмеде осыдан біраз күн бұрын 30 шақты адам тінту шараларына қарсылық ретінде денелерін жарақаттаған еді. Бірақ Ғалымжан Хасенов қазір ондағы жағдай "тұрақты екенін" айтады.
Түрмедегі жақындарына алаңдаған сотталушылардың туыстары бұған дейін колония басшылығынан жақындарын көрсетуді талап еткен еді.
Сотталушылардың бірінің туысы Анастасия Төлендиева түрме басшылығының жақынын әлі күнге дейін көрсетпей отырғанын, сотталған туысымен маусымның 10-ы күні кездестіруге уәде бергенін айтады.