Accessibility links

Керри Армения министрімен Таулы Қарабах жайын талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян. Вашингтон, 4 маусым 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян. Вашингтон, 4 маусым 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен кездесіп, Таулы Қарабах мәселесін шешу жолдарын талқылады.

Керридің пікірінше, Әзербайжанның сепаратистік Таулы Қарабах аймағы мәселесін шешуге Армения, Әзербайжан, Түркия, Ресей, Иран және басқа елдер де араласуы керек.

АҚШ мемлекеттік хатшысы маусымның 3-і күні Әзербайжан сыртқы істер Эльмар Мамедъяровпен кездескенде "Таулы Қарабах проблемасын шешу жолдары бар" екенін айтқан еді.

Армения қолдаған этникалық армяндар 1990 жылдардың басында Таулы Қарабах аймағын басып алған еді. Франция, Ресей мен АҚШ содан бері екі ел арасындағы даулы мәселені шешудегі келіссөздерде ара ағайындық жасап келеді.

Армения сыртқы істер министрі Налбандян мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Керри кездесуде екі ел арасындағы экономикалық мәселелерді де талқылады.

Армян оппозициясының жетекшісі Раффи Ованнисян 3 маусымда Вашингтонға барған. Ол АҚШ мемлекеттік департаментін Арменияда демократияның дамуында белсенді рөл атқаруға шақырған.
XS
SM
MD
LG