Accessibility links

Атырауда 8 адам «терроризм» айыбымен сотталды


Атырауда сегіз адам "терроризм" айыбымен сотталды. Атырау, 5 маусым 2013 жыл.
Атырауда сегіз адам "терроризм" айыбымен сотталды. Атырау, 5 маусым 2013 жыл.
Бүгін Атырау облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жастары 20 мен 38 жас аралығында сегіз адамға «терроризм» ісі бойынша сот үкімі шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сотқа судья Гүлнәр Хаженова төрағалық етті. Судьяның айтуынша, сотталған азаматтарға (А.Аманғалиев, А.Ізімов, Қ.Ишанғалиев, Е.Құсайынов, А.Қонақбаев және Р.Сисенғалиев) «террористік топ құрды, оның қызметіне қатысты», «заңсыз қару-жарақ дайындады», «заңсыз қару-жарақ сатып алды, оларды тасымалдап» сатты», «кісі өлтіріп, тонады» деген айып тағылған. Айыптылардың екеуі - 23 жылға, екеуі - 22 жылға, үшеуі 18 жылға сотталған.

Сегізінші сотталушы (Н.Есентаев) "қылмыстық істерді біле тұра хабарламады" деген айыппен бір жылға шартты жазаға кесілді.

Судьяның айтуынша, "террористік топқа басшылық жасаған" Р.Аманжолов Түркияға қашып кеткен, қазір халықаралық іздеуде жүр.

Судья сотталған азаматтардың барлығын "теріс ағымдағы мұсылмандар" деп сипаттады.

"Діни экстремизм" мен "терроризм" баптары бойынша Атырауда соңғы жылдары бірнеше ірі сот өтті. 2012 жылы Атырау соты "терроризм" бабы бойынша 47 азаматты айыпты деп тауып ұзақ мерзімге соттаған еді.
XS
SM
MD
LG