Иран сыртқы істер министрінің Африка және Араб елдері бойынша орынбасары Амир Абдуллахиан Сирия үкіметін стратегиялық Кусейр қаласын көтерілісшілер бақылауынан тартып алғанымен құттықтады. Иранның Fars агенттігіне берген сұхбатында Амир Абдуллахиан Сирия армиясының "дінсіз террористерді" (көтерілісшілерді меңзеп тұр) жеңгеніне қолдау білдірді.
Үкімет әскері Ливанмен шекарадағы Кусейр қаласын үш апта соғысып бақылауына алғанын сейсенбіде хабарлаған еді. Қаланың Сирия әскері қолына өткенін көтерілісшілер армиясының өкілі де растады. Көтерілісшілер таратқан мәлімдемеде олардың "қарсыластың әскери күшінің басымдығынан, қару-жарақтың жеткіліксіздігінен және "Хезболланың" араласуынан" кейін шегінгені айтылады.
Өткен айда Ливанда орналасқан шииттік "Хезболла" ұйымы өз сарбаздары Кусейр қаласы үшін ұрыста Сирия үкіметі әскерімен бірге соғысатынын мәлімдеген еді.