Accessibility links

Түркияда шерушілер үкіметке жаңа талаптар қойды


Наразылық танытушылар үкіметке қарсы шерулер кезінде ұрандап тұр. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
Наразылық танытушылар үкіметке қарсы шерулер кезінде ұрандап тұр. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
Түркияда наразылық танытушылар үкіметтен Анкара, Стамбул және шерушілерді басып-жаныштаған басқа да қалалардың губернаторлары мен полиция басшыларын алып тастауды талап етіп жатыр.

Наразылық танытушылар өкілдері сәрсенбіде Анкарада вице-премьер Бүлент Арынчпен кездескен. Шерушілер вице-премьерге үкіметке қойған талаптарын жеткізді. Кездесуде шерушілер ұсталған демонстранттарды босатуды, полицияның көзден жас ағызатын газ қолдануын тоқтатуды талап етті.

Демонстранттар бұған қоса Таксим алаңындағы паркті қайта жасау жоспарынан түбегейлі бас тартуды да талап етіп отыр.

Өткен жұмада Стамбулда полиция Таксим алаңындағы паркке құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсылық танытқандарды күшпен басып-жаншыған еді. Полицияның бұл әрекеті Стамбул мен басқа да қалаларда жаппай наразылық шерулеріне ұласты. Анкарада шерушілер саяси талаптар қойып, премьер-министр Режеп Тайып Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап етті. Алтыншы күнге созылған наразылық шерулерінде екі адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды.
XS
SM
MD
LG