Accessibility links

Пхеньян мен Сеул келісімге дайын екендерін айтты


"Кэсон" индустриалдық аймағы, Солтүстік Корея. Көрнекі сурет.
"Кэсон" индустриалдық аймағы, Солтүстік Корея. Көрнекі сурет.
Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бірнеше айға созылған шиеленістен соң келіссөздер жүргізуге келісті.

Солтүстік Корея билігі Оңтүстік Кореямен өз аумағында бірлескен "Кэсон" индустриалды кешенінің жұмысын жандандыру туралы келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді.

"Кэсон" индустриалдық аймағы сәуір айында екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кеткен соң жабылған еді.

Солтүстік Корея Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян басқа да мәселелер бойынша, оның ішінде екі ел шекарасы ажыратқан кейбір отбасылар мүшелерін қайта қосу туралы да келісімге әзір.

Оңтүстік Кореяның бірігу министрлігі Пхеньянның келіссөз жасау ұсынысын қабылдайтынын білдірді.

Екі елдің қарым-қатынасы Солтүстік Корея өткен жылдың желтоқсанында спутник ұшырып, ал биыл ақпанда ядролық сынақ жасаған соң нашарлап кеткен еді.
XS
SM
MD
LG