Accessibility links

АҚШ барлау қызметі дербес деректерге қатысты түсінік берді


Джеймс Клаппер, АҚШ барлау қызметінің басшысы.
Джеймс Клаппер, АҚШ барлау қызметінің басшысы.
АҚШ барлау қызметінің басшысы Джеймс Клаппер интернет компанияларынан дербес деректер алуды мақұлдайтын заң АҚШ үкіметіне тек ел аумағынан тыс жерлердегі шетел азаматтары туралы ақпараттар жинауға рұқсат етеді деді.

Бұған дейін Washington Post пен ұлыбританиялық Guardian басылымдары АҚШ үкіметтік мекемелеріне елдегі жетекші интернет компаниялары өз серверлеріне кіріп, түрлі құжаттар мен ақпараттар алуға рұқсат еткені туралы жазған еді.

Клаппердің айтуынша, қос басылым келтірген деректер "анық емес" және ондай материал жариялаудың жауапкершілігі бар.

Бейсенбіде бірқатар ірі интернет компаниялары, оның ішінде Apple, Google және Facebook мемлекеттік органдардың ешқайсысына өз серверлеріне кіруге рұқсат бермейтіні жайлы мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG