Accessibility links

Оралдық газетке министр блогындағы жазбаға бола айып салынды


Оралда шығатын "Мой город" газетінде 2012 жылы 12 желтоқсанда жарияланған мақаланың көшірмесі.
Оралда шығатын "Мой город" газетінде 2012 жылы 12 желтоқсанда жарияланған мақаланың көшірмесі.
Ішкі істер министрлігі блогында жарияланған жазбадағы деректі көшіріп басқаны үшін Оралда шығатын "Мой город" газетіне айыппұл салынды. Бұл туралы газеттің бас редакторы Жаннат Нұғманова Азаттыққа берген сұхбатында айтты.

Нұғманованың айтуына қарағанда, газетке айыппұл салынуына Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бұрынғы бастығы Рауан Мусиннің шағымы негіз болған.

Редактордың айтуынша, Рауан Мусин газетте жарияланған «Батыс Қазақстан облыстық ІІД бастығы орынбасарының креслосы 50 мың доллар тұра ма?» деген мақалаға орай шағым түсірген.

- Рауан Мусин «газетте жарияланған материалдан кейін жұмыстан кеттім» деп басылымнан үш миллион теңге моральдық шығын талап етті, - дейді Нұғманова.

Мақалада 2012 жылы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогына
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогындағы жазба. 7 маусым 2013 жыл.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың блогындағы жазба. 7 маусым 2013 жыл.
шыққан жазба негізге алынған. Жазба иесі Мусиннің облыстағы бизнесмендерден "ақша алып отырғаны" туралы айтады.

- 2013 жылы наурызда қалалық сот Рауан Мусиннің шағымын қарап, оның шағымын қанағаттандырмай, газет жеңіске жетті. Кейін Мусин Батыс Қазақстан облыстық аппеляциялық сотына қайта шағым түсірді. Аппеляциялық сот 2013 жылы маусымның 6-сы күні істі қайта қарап, істі Мусиннің пайдасына шешті, - деді Жаннат Нұғманова Азаттыққа берген сұхбатында.

Ал Рауан Мусиннің адвокаты Руслан Шағатаев:

- Облыстық апелляциялық сот біздің шағымымызды қайта қарап, газетке 50 мың теңге айыппұл салды және газет редакциясы 2012 жылы желтоқсанның 12-сі күні шыққан материалды жоққа шығарып, газет бетінде кешірім сұрауы тиіс. Біз сот шешімімен келісеміз, - деді Азаттық тілшісіне.

Бірақ «Мой город» газетінің бас редакторы Жаннат Нұғманова сот шешімімен келіспейтінін және облыстық кассациялық сотқа шағым түсіретінін айтты.
XS
SM
MD
LG